Қайырымдылық – Қазақстан халқының рухани қағидаты

05.04.2019 0 Автор admin

Бүгін 1 наурыз Алғыс айту күніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Қайырымдылық – Қазақстан халқының рухани қағидаты» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты Алғыс айту мерекесінің мән-мағынасын оқушыларға түсіндіріп, халықтар арасындағы достықты нығайту.

Іс-шарада Алғыс айту күніне арналған баяндамалар жасалып, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары күй тартып, өздері шығарған өлеңдерін оқыды. Ынталы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жұманова Назира және Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Линова Лилия Қазақстан халқына алғысы шексіз екендігіндіктерін айтып өтті. Іс-шара соңында мекеме қызметкерлері Алғыс айту күнімен құттықтап, өз ойларын ортаға салды.