Өмірбаян

Тажибаев Ерсин Ботабаевич 1988 жылы 19 мамырда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Отбасылы, екі бала тәрбиелеуде.

1994-2005 ж.ж. №153 Ш.Есенов атындағы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тарбағатай ауылдық округінде білім алған.

2005 жылы Алматы қаласы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжіне түскен.

2006 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде білімін жалғастырып, хорда дирижерлық ету мамандығымен 2010 жылы бітірген;

2010 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының арт-менеджмент мамандығына түсіп, 2014 жылы тәмамдады;

2011-2013 ж.ж Алматы қаласы, Жетісу аудандық №112 ЖББМ-нің музыка пәні мұғалімі қызметін атқарған;

2015 жылдың ақпан мен наурыз айлары аралығындаАлматы қаласы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының музыкалық жеке орындаушылар бөлімінің  музыкатанушысы қызметін атқарған;

2015-2016 ж.ж. Астана қаласы «Оқушылар сарайы» директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және Вокал бөлімінің жетекшісі қызметін атқарған;

2016–2018 ж.ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының эстрадалық топтар бөлімі басшысы және фальклорлық этнографиялық ансамбль әкімшісі қызметін атқарған;

2018-2019 ж.ж Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметінің қоюшы режиссері қызметін атқарған;

2019 жылдың 17-сәуірден бастап «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК директорының міндетін атқарушы.